Сенбі, 23.11.2024, 21:02
Сайтқа Қош келдіңіз Гость | RSS

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі!

Сайт мәзірі
Көңіл көтеру
Сауалнама
Сайтқа қандай материал салу керк?

Барлық жауаптар: 43
Кіру формасы

Басты » 2013 » Қантар » 5 » АҚШ – бала-жазушылардың мекені
11:43
АҚШ – бала-жазушылардың мекені


Соңғы бес жылда АҚШ-та шыққан кітаптардың көбі балалардың шығармашылығы болып саналады екен. Басылым компаниялары да бұл кітаптарды интернет арқылы сатуды дәстүрге айналдырған.
Мәселен, 14 жастағы Бен Хекман есімді жасөспірімнің ойдан құралған рок-группа туралы жазған шығармасы 700 данамен шығып, түгелдей дерлік сатылып кеткен. Бұл – кітапқа кеткен шығынды өтеп отыр деген сөз.

Ал баспагер болса, өз сөзінде KidPub компаниясы amazon.com онлайн-дүкенінде сауда қызып жатқанын айтып өтті. Бала-жазушылардың ата-анасы болса, балаларына тек қана шабыт беру үшін қаржыландыратын көрінеді. Расымен де, балалар өз шығармашылығының кітап болып шығуын өте үлкен жетістік санайды емес пе?

Баспа компанияларының бірқатары кітап үшін қалың қаржы талап ететін болса, ал бірқатары тегін шығарып беру қызметін ұсынады. Соның бірі саналатын Lulu баспа компаниясы балалардың шығармасын тегін шығарып береді де, оның таратылуы мен жарнамалануын өз мойнына алады. Бірақ мұнда да, авторға бір де бір кітап берілмейді екен.

KidPub Press баспасы 2012 жылы 140 жасөспірімнің кітабын шығарып беріпті. Кітап шығаруға тапсырыс беру құны – 250 АҚШ доллар. Әзірге белгілі болғандай, шыққан кітаптардың 80 пайыздық данасын ата-ана өздері сатып алады.

Кім біледі, расында да, тәрбиенің бұл түрі өз нәтижесін беретін шығар...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: afisha.ru

Дереккөз massaget.kz сайтынан алынды!
Көрілді: 1342 | Қосты: enduke | Рейтингі: 5.0/1
Барлық пікірлер: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Іздеу
Мини-чат
Күнтізбе
«  Қантар 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Статистика

Барлық желідегілер: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0