Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебi - Мектебіміз туралы ақпарат
Бейсенбі, 08.12.2016, 12:51
Сайтқа Қош келдіңіз Гость | RSS

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектебі!

Сайт мәзірі
Көңіл көтеру
Сауалнама
Сайтқа қандай материал салу керк?

Барлық жауаптар: 43
Кіру формасы

Мектебіміз туралы ақпарат

Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектеп

Мектеп ұжымы





1 қатар: (солдан оңға)

Елесбаева Г.А, Мұратбекова Г.Қ, Керейбаева Р.М. Қызайбекова Е.Ш. Есжанова К.С. Жаңғабылова А.М. Бегалин Т.А. Сарыбаева С.К. Достыбаева Ш.Қ. Ақыпбекова Ғ.А. Егінбаева А.Т.
2 қатар: (солдан оңға)

Бариева Б.М. Шаяхметова Ж.Д. Досымбекова Г.С. Алиева А.Қ. Екібаев К.Д. Керейбаева Г.Т. Жесекбаев А.Д. Абдуалиев Т.Ө. Сейдахметова Б.М. Даңлыбаева Р. Тұрсынов Ж. Н. Ахметова Қ.
3қатар:(солдан оңға)

Оразбеков С.С. Есімбекова Г.А. Досатаев М.Н. Нүкенов Ч.Т. Қаңғабылова Н.С. Қожатай С. Измайлов Б.Н. Құрманғалиева Ж.О. Үсенова Б.М. Күнболатова К. Бұланбаева Қ.С. Байдилдинова Б.Қ. Оразбекова Г.Н. Керейбаев М.Р.


Мекеме туралы мәлімет


Мекеме атауы:

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектеп

Мекен-жайы:

Алматы облысы

Ақсу ауданы

Қапал ауылы

Т.Бигелдинов көшесі № 9

Байланыс телефоны:

тел.
8 (72841) 2-16-63

Электрондық пошта: e_zh_mektep@mail.ru ;

Мектеп әкімшілігі:
Директор
Бегалин Талап Ақылұлы

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары
Измайлов Биржан Нурмухамедулы

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары
Керейбаева Гүлжанар Төлеуханқызы

Ұйымдастырушы-педагог
Сандыбаева Айгерім Ескендірқызы

Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары
Джукеев Саятбек Байғожаұлы

АӘД жетекшісі
Абдуалиев Тоқтарбек Өзбекұлы

Мектеп - психологы
Қаңғабылова Назым Серікқызы


Бегалин Талап Ақылұлы 1963 жылы туған. Білімі жоғары Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институтының физика – математика факультетін физика
мамандығын 1984 жылы бітірді.
1988-1989 жылдары Қапал аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс жасады. 1989- 1990 жылдары аудандық комсомо комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі ал 1990-1991
жылы аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, 1991-1993 ж І хатшысы болды. 1993-1994 жылдары Қапал ауданы әкімшілігінің жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, 1994-1995 жылдары Қапал
аудандық әкімнің көмекшісі, 1995 жылы Қапал аудандық білім бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды.1997 жылы Ақсу ауданының білім бөліміне бас маман болып ауыстырылды.
1998-2007 жыл аралығында осы аталған мектептің мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, ал 2007 жылдан бастап Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің директоры.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Денсаулық министірінің Құрмет грамотасы, облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы. 2007 жылы облыстық білім жетілдіру және мамандар
кәсібін дамыту институтының Құрмет грамотасы. 2008 жылы мектеп басшыларының облыстық байқауда жүлделі ІІІ орынға ие болып «Тұлғаға бағытталған білім беруде оқу – тәрбие үрдісін
ұйымдастыру бағыттары» , «Мектепте білім беру жүйесінің даму бағдарламаларын жүзеге асыру тәжірибесі» атты жүмысы жинаққа енгізілді.




Абдуалиев Тоқтарбек Өзбекұлы 1951 жылы туған 1984 жылы I. Жансүгiров атындағы педагогикалық институттың орыс тiлi мен әдебиетi факультетiн бiтiрiп,орыс тiлi мен әдебиет пәнiнiң мамандығын алып шықты.
1984-1989 жылдар аралығында Қапал аудандық бiлiм беру бөлiмiнде, методист инспектор болып қызмет атқарды. Қазіргі кезде алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі


Мекеме тарихы


Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектеп тарихы

Қапал ХIХ ғасырдың 40-шы жылдарындағы патша үкiметiнiң қазақ жерiн отарлау саясатын жүзеге асырып, бекiнiстердiң бiрi ретiнде негiзi қаланған. Осы бекiнiс ұлғая келе,1860-шы жылдары қала дәрежесiне жеткен. Оны қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уалихановтың Қашқарияға сапары алдындағы күнделiгiнен бiлуге болады. Онда былай деп жазған; «Мен Қапал қаласының 40 шақырым Қарамола деген жерде Қашқарияға баратын керуенге барып қосылдым».
Осы Қапал қаласында орыс солдаттарының балаларын оқытуға арналған «Приходская школа» болды. Және 1847 жылы Қапал қаласында қазақ балалары үшiн әзiрлiк пансионы ашылғаны архив құжаттары арқылы дәлелденiп отыр. /ОММ 44-қор, 1-тiзбе,37226-қатар/
Осы әзiрлiк пансионында оқыған алғашқы балалары Барлыбек және Тұрлыбек Сырттановтар едi. 1890-шы жылдары Қапалда «Туземная школа» және «Якобия» атты қыздар медресесi болды. Фатима Ғабитова осы медреседе оқығаны бiзге белгiлi.
Саяси қуғын-сүргiннiң құрбаны болған, халқымыздың аяулы ұлдарының бiрi Бiләл Сүлеев 1917 жылдары бұл медресеге жетекшiлiк етiптi.
Кеңес үкiметi орнағаннан кейiн 1926 жылы Қапалда татар мектебiнiң негiзiнде бастауыш мектебi ашылып, ол 1930 жылдары 7 жылдық орталау мектебi болып үлкейдi. Сабақ татар тiлiнде жүргiзiлдi. 1920-1930-шы жылдары бүкiл Қазақстанда ересектер арасында сауатсыздықты жою науқаны жүрiп жатқанына байланысты 1930 жылы Қапалда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылып, 15-50 жас арасындағы ересектердiң сауатсыздығын жоюда белгiлi роль атқарған.
1932 жылы Қапал орта мектебi ашылып, алғашқы директоры Маловичко Лаврентий Абромович тағайындалды.
1933-1934 жылдары Бекташев Саубан Мұхаметұлы Қапалдағы Қапал орта мектебiнiң iргетасын қалауға өзiнiң көп үлесiн тигiздi.
Сондықтан қара шаңырақтың iргесiн қалаған Саубан Мұхаметұлының есiмiн әрқашанда ұмыта алмаймыз. Саубан Мұхаметұлының кiтапханасы өте бай болған. Бiрақ осы кiтапхананың өзi Саубан Мұхаметұлына соққы болып тиедi. 1937 жылы шiлде айында НКВД-ның бiраз адамдары келiп, Бекташев Саубан Мұхаметұлы халық жауы деп айыптап түрмеге әкетеді.
1936-1937 жылдары қазақ және орыс мектептерi қосылып аралас мектеп болады. 1948 жылдан «Қапал сегiзжылдық мектебi», «Қапал орта мектебi» болып атана бастады. 1949 жылы Қапал орта мектебiнде мұғалiмдердiң 2-шi аудандық конференциясы болып өтедi.
1972 жылы қазiргi аталмыш мектептiң 320 орынды ғимараты салынып, Қапал орта мектебi жаңа ғимаратқа көшiрiледi.1978-1979 жылдары Қапал орта мектебiне Ғ.Орманов атындағы орта мектеп атағы берiледi.
Ал Қапал ауданында халық санының өсуiне байланысты 1981-1982 оқу жылында Қапал орта мектебi 2 мектепке бөлiнедi;
1. Қапал сегiзжылдық мектебi
2. Ғ.Орманов атындағы орта мектеп.
Тек 1989 жылдан бастап Қапал орталау мектебі қайта орта мектеп статусын алды. 1997 жылы 21 - ші мамырда онамастика шешімі Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, белгілі театр және кино актері Есболған Жайсаңбаевтың есімі берілді. Қазіргі уақытта Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектепте 391 оқушы, 45 мұғалім еңбек етеді. Оның 57 - оқу озаты, 88 оқу екпіндісі. 45 мұғалімнің 40-ы жоғарғы білімді, 3-і арнаулы орта білімді, 2 орта білімді мұғалімдер.


Әр жылдары мектепті басқарған директорлар

Маловичко Лаврентий Абрамович - 1932-37 ж
Байтуғанов Айтмухамбет-1937-40 ж
Денисенко Григорий Иванович-1940 -42ж
Еркимбеков Ерғали-1942-45 ж
Жексекұлы Баймұханбет-1945-48 ж
Кузнецов Петр Александрович-1948-50ж
Кектитебеков Н-1950-52ж
Баймулдин Г-1952-54ж
Арынова Балапан Арыновна-1956-59 ж
Афонин Иван Семенович-1959-60 ж
Афонина Нина Алексеевна-1960-62 ж
Дамуллин Исмағұл Гереевич-1962-70 ж
Петерс Эмиль Федорович-1970-72 ж
Вольховская Надежда Андреевна-1972-78 ж
Хусайынов Диқанбай Құсайынұлы-1978-85 ж
Тұрғанбаева Шарбану Байжомартовна-1986-87 ж
Петерс Анатолий Вальтерович-1987-88 ж
Далибекова Макира Айтжановна-1988-96 ж
Борантаев Есiмжан Уалиұлы-1996-1999 ж
Көкенова Әлия Абаққызы-1999-2007 ж
Бегалин Талап Ақылұлы 2007


Ауқым және қолжетімділік




Мекеме атауы: Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектеп

Салынған уақыты:
1972 жыл.

Мемлекеттік лицензия: ЛП № 00247DB

Меншік түрі: Мемлекеттік

Аймақтық белгісі: Ауылдық

Мекен-жайы:
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылы, Т.Бигелдинов көшесі №9

Мектеп құрылымы:
1. Бастауыш: 1-4 сынып
2. Негізгі: 5-9 сынып
3. Орта: 10-11 сынып

Барлық оқушы саны: 356

Барлық мұғалімдер саны: 40
Жоғарғы санатты – 2
1 санатты – 15
2 санатты – 18
Жалпы санатты – 5



Кадрлық қамтамасыз ету

Мектептің өзекті мәселесі: "Білім беру мен тәрбие үрдісінде инновациялық қызметті енгізу
арқылы білім сапасын арттыру, оқушыларды өзін-өзі тануға, тәрбиелеуге үйрету".

Мектептің мақсаты: Білім беруде оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып өзін-өзі
дамытатын, өз бетімен білім ала алатын, өзін-өзі үнемі жетілдіру арқылы өз бағдарын айқындаған
оқушы қалыптастыру.

Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектепте 40 мұғалім жұмыс жасайды

Барлық мұғалімдер саны – 40.

Жоғарғы санатты мұғалімдер саны – 2

Бірінші санатты мұғалімдер саны – 15

Екінші санатты мұғалімдер саны –18 .

Санаты жоқ мұғалімдер саны – 5

8 жылға дейінгі стажы бар мұғалімдер саны – 13

9 жылдан 20 жылға дейінгі стажы бар мұғалімдер саны – 16

20 жылдан жоғары стажы бар мұғалімдер – 11

30 жасқа дейінгі мұғалімдер саны – 8

31 жастан 45 жасқа дейінгі мұғалімдер саны – 19

46 жастан 60 жасқа дейінгі мұғалімдер саны – 12

60 жастан жоғары мұалімдер саны - 1

Жыныс белгісі бойынша әйелдер үлесі -73% , ерлер үлесі –27%

Біліктілігін жоғарлату курсынан өткен мұғалімдер саны – 8

Ағымдағы жылы ақпараттық технологияға байланысты біліктілігін жоғарылату курсынан өткен мұғалімдер саны – 5


Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылу сапасы


«Оқу тәрбие процесінің ұйымдастырылу сапасы» туралы

Сыныптар саны – 18

Топтар саны – 24

Оқушы саны – 356

Мұғалімдер саны – 40

Екі ауысым бойынша сабақтар жүргізіледі.

І – ауысымда 9 сынып, 171 оқушы

ІІ ауысымда 9 сынып, 185 оқушы

Тілдер бойынша бөлінуі:

Қазақ сыныбында – 18 сынып, оқушы саны – 356.

Оқулықтар саны - 6224

Методикалық оқулықтар – 2397

Ғылыми – көркем әдебиеттер саны – 6611

Мектепалды оқулықтары - 572

Электронды оқулықтар - 57

Жалпы саны – 15861

Үйірме саны – 37

Үйірме сабақтарына- 255 оқушы қатысады.

Материалдық-техникалық база


Материалдық-техникалық база:
1. Оқу кабинеттері – 14
2. Спорт залы – 1
3. Кітапхана – 1
5. Шеберхана – 1
6. Информатика кабинеті – 1
8. Интерактивті тақта – 5
9. Компьютер саны –47 ( 1 компьютерға шаққанда – 8 оқушы)
11. Медициналық кабинет – 2
12. Стоматологиялық кабинет - 1
13. Буфет – 1
Іздеу
Мини-чат
200
Күнтізбе
«  Желтоқсан 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Себет
Ваша корзина пуста
Статистика

Барлық желідегілер: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0